386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығына жүйелі қолдау қажет

  • 145
  • UPD: 13:58, 17.07.2019
Ауыл шаруашылығына жүйелі қолдау қажет

Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген өзекті мәселенің бірі ауыл шаруашылығына қатысты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы шаруаларды қаржылай қолдау тәртібі жыл сайын өзгеретініне байланысты ескерту жасады. Және Үкімет мүшелері мен облыс әкімдеріне нақты тапсырма жүктегені белгілі. Президенттің бұл бастамасын Жетісулық шаруалар қуана құптап отыр. Әсіресе, салаға инвестиция тартып, субсидия беру ісін жүйелеуді міндеттегені маңызды. Төрт түлікті өсіріп отырғандар жаңа бағдарламаның қабылданғанын қалайды. «Онда ірі қара мен ұсақ мал санын көбейтудің нақты тетіктері болса», - дейді.

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек ері:

- Мал өнімдері өздері жеке дара көтеріле алмайды. Бір малды өсіру үшін үш жыл уақыт керек. Бір мал бір бұзау бергенімен, оны өсіріп жетілдіру оңай емес. Субсидия беріп отырса, халық та көреді де, малды көбірек ұстайды. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау керек. Онсыз болмайды.

Хабар 24 телеарнасы