Елордадағы кейбір интернет-ресурстар ашылмай қалуы мүмкін - министрлік
- 485
- UPD: 14:51, 17.07.2019

Елордада интернет-ресурстарға қол жеткізу мүмкін болмай қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ескертті.
«Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде. Жекелеген интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильді құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады», - делінген министрлік хабарламасында.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.