386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда зауыт аумағында болған өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

  • 227
Қарағандыда зауыт аумағында болған өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Қарағандыдағы қоқыс өңдейтін зауыттың аумағында болған өрттің салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынның отқа оранғаны жайлы хабар өрт сөндіру қызметіне кеше кешкі сағат 18:31-де түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау қоқыс жатқан 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Оқиға орнына Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 49 өрт сөндірушісі мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Жалын кешкі сағат 20.55-те ауыздықталды. Қазіргі уақытта өртке қайта жол бермеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Александр Пахомов, облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісі:

Қызыл жалынды сөндіру барысында қиындықтармен бетпе-бет келдік. Қатты тұрмыстық қалдықтар бір үйіндіге жиналып қалған. Оны толық өшірмесе, өрттің қайталануы әбден мүмкін. Сонымен қатар қазір өрт қалдықтарын тазалау және сумен басу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы