386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында екі ауылға көгілдір отын тартылады

  • 155
  • UPD: 18:39, 17.07.2019
Қостанай облысында екі ауылға көгілдір отын тартылады

Биыл Қостанай облысының ауылды жерлерін көгілдір отынмен қамту  аясында екі жоба жүзеге асырылады.

Құрылысы басталған жоғары қысымды Қамысты-Алтынсарин газ құбыры Адаев және Бестөбе елді мекендеріне тартылады. Дәл осындай жұмыстар Әулиекөл ауданындағы Чернигов ауылында қолға алынған. Қос жоба 2021 жылы пайдалануға беріледі. Тұтастай алғанда, жүз шақырымдай газ құбырын тарту көзделген. Бұл 15 мыңдай ауыл тұрғыны газбен қамту желілеріне қосылады деген сөз. Ауыл-аймақтарды газдандыру жобаларына қазынадан биыл аймаққа екі жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Данияр Бабенов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұлардан бөлек бізде құны 3,8 млрд теңге болатын 6 жобалық-сметалық құжат бар. Оларды жүзеге асыру бойынша келер жылдың қаңтарында энергетика министрлігіне өтініш жолданады. Яғни  көгілдір отынға қол жеткізетін ауылдар саны артады.

Хабар 24 телеарнасы