386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да алпыстан астам елді мекенге су беріледі

  • 150
  • UPD: 20:21, 17.07.2019
СҚО-да алпыстан астам елді мекенге су беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында 60-тан астам елді мекеннің тұрғындары биыл таза ауыз сумен қамтылатын болды.

Бұл мақсатқа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9,1 миллиард және де облыстық қазынадан 400 миллион теңгеден астам қаржы  қарастырылып отыр. Бөлінген қаражат былтырғы жылға қарағанда 40 процентке көп. Нәтижесінде 12 ауылға су құбыры жаңадан тартылады деп жоспарланған. Ал қалғандарында су жүйесі жақсартылмақ. Айта кету қажет, бүгінде өңірде 18 елді мекенге тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізіледі. Сондықтан жергілікті билік бұл мәселені кезең-кезеңмен шешпекші.

Айдархан Мусин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Сондай-ақ биылғы жылы облыс бюджетінен 465 миллион теңге, қаражат қосымша бөлініп отыр. Бұл облысымыздағы 35 елді мекенге су жүйесін қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге жағдай жасайды. Сонымен бұл жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылдың соңында орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету пайызы 62,4-ты құрайды. Елді-мекендерде -82 пайызды құрайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы