386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар әуежайының жағдайы көңіл көншітпей тұр

  • 151
  • UPD: 21:37, 17.07.2019

Кезінде Ертіс өңірін өзге облыстармен және алыс шет мемлекеттермен байланыстырған Павлодар әуежайының бүгінгі жағдайы көңіл көншітпей тұр.

Мекеме халықаралық мәртебеге ие болғанына қарамастан, қазірде аптасына небары 27 рейс орындалады. 

Бүгінгі таңда еліміздің Батыс, Оңтүстік облыстарымен тікелей әуе қатынасы жоқ. Оған қоса көрші Новосібір облысымен де байланыс үзілген. Бұл павлодарлықтарды алаңдатып отыр. Мәселе неде?

Андрей Полывянный қызы Натальямен Новосібірден автобуспен келді. 12 сағаттық жолды еңсеріп енді Алматыға ұшпақ. Осылайша ұлан-ғайыр елімізді араламақ. Саяхатшылар әуежайға қатысты тағы бір мәселенің басын ашты. Бүгінде осы жерге қатынайтын қоғамдық автобус жоқ. 

Андрей Полывянный, жолаушы:

- Бес шақырым жаяу жүріп келдік. Автобус бізді далада тастап кетті. Көңіліміз түсіп қалды. Қызым екеуміз туристік Мекке атанған Түркістанға да барғымыз келеді. Бірақ, оңтүстікке тікелей бағыт жоқ екен. Транзиттік рейстер ыңғайсыз.

Бұл 1 сағат 20 минут ішінде Новосібірден зымырап келген ұшақтың қону сәті. Иә, облыс үшін тарихи оқиға. Себебі қос өңір арасындағы әуе қатынасы 90-жылдары тоқтап, қайта жанданды. Дегенмен, тұрғындар мен әуежай қызметкерлерінің қуанышы көпке созылмады.

Марат Шишов, Павлодар әуежайының басқарма төрағасы:

- Сібір астанасымен тікелей әуе рейсі жаз мезгілінде ғана жұмыс істеді. Биыл әуе қатынасы жабылып қалды. Ұшақтарға түсетін жүк ауыртпалығы азайды. Бұл рейс көрші елдегі ірі мегаполис арқылы өзге алыс елдерге жол ашты. Мәселені сан рет көтердік. Тұрғындар да ашуды өтінуде. 

Мамандарының айтуынша, рейс жолаушылар көлігінің бәсекесіне төтеп бере алмады. Біздің тарап өтініш білдіргенмен, шешім жоқ. Ал екінші тараптың жауабы осындай.

«Павлодар-Шымкент» бағытында ұқсас жағдай. Екі жыл бұрын әуе рейсі жарты жыл жұмыс істеп, тоқтады. Мәселе, көтерілсе де, жауапты органдардан мардымды жауап жоқ.

Томирис Амангелді, қала тұрғыны:

- Павлодардан Шымкентке дейін тікелей рейс болса, жақсы болушы еді. Себебі мен де өзім Шымкентте болған жоқпын. Және пойызбен онда баруға ыңғайсыз. Түркістанға барғымыз келеді. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Кеңес дәуірінде Павлодар әуежайы 20-дан астамжүк, жолаушылар және транзиттік маршруттар бойынша қызмет көрсететін. Қазіргі таңда бір аптада 27 халықаралық және ішкі рейстер орындалады. Сол себепті әуежайды ұшып қону алаңы мен терминалы осылайша көбінесе бос тұрады.

Леонид Тырышкин - осындай әуе кемелердің талайын басқарған пилот. Салада 40 жылдан астам еңбек етуде. 65 жастағы авиация ардагері әуежайдың дүркіреп дамыған кезін сағынышпен еске алды.

Леонид Тырышкин, авиация ардагері, павлодар әуежайы өндірістік-диспетчерлік қызметі бастығының орынбасары:

- Біздің әуежайдың жанында әуекомпания жұмыс істеді. Павлодардан Біріккер Араб Әмірілктері, Түркия, Ресейге кемелер жиі ұшатын. Ұшқыштар жасағы мен жергілікті кардларымыз болды. Өкінішті, әрине. Әуежай арқылы әлемнің кез келген мемлекеттің әуе кеңістігіне ұша алатынбыз. 

Павлодар, Алматы, Астана және Қарағанды. Былтыр Баянауыл ауданын бұл қалаларға шағын әуе кемелерін ұшыру жоспарланған. Туристік әлеуетті арттыру үшін 240 млн. теңгеге аэродром салынды. Демалыс маусымының қызыған шағында жоба іске аспады. Субсидия және тариф мәселесі шешілмеген. Сондықтан, саяхаттаушыларға күтіден басқа амал жоқ. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы