386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жасалған алғашқы модульдік станция Қарашығанақ кен орнына жөнелтілді

  • 158
  • UPD: 21:34, 17.07.2019

Қазақстанда жасалған алғашқы жоғары технологиялық модульдік станция Қарашығанақ кен орнына жөнелтілді. 

Schneider Electric компаниясының бренді енді елімізде өндіріледі. Алматы облысындағы Қарасай машина өндіру зауытынан шығарыла бастаған бұл қондырғы мұнай-газ өндіру саласындағы электр қуатын бақылауды қамтамасыз етеді.

Электр қуатын автоматты бақылау және бағдарлау қондырғысын жасап шығуға жүз елуден аса отандық маман атсалысқан. Бұл Schneider Electric компаниясының Қарасай машина өндіру зауытындағы алғашқы өнімі. Зауыт ашылғалы бері бес модульдік станция жасап шығарды.  Осыған дейін мұндай құрылғылар шет елден әкелінетін 

Максим Агеев, Қазақстандағы «SCHNEIDER ELECTRIC» ЖШС Бас директоры:

- Schneider Electric компаниясы бұл жоба аясында үш бағдарламаны жүзеге асырмақ.  Ол, біріншіден инвестиция, жаңа технология және құзыреттік. Біз Қазақстан экономикасын қаржыландыруды одан әрі қарай жалғастыра береміз.  Мұнымен қатар инновациялық экожүйені дамытуға күш салып жатырмыз.  

Қарашығанақ кен орны еліміздегі мұнай, газ өндірісінің қомақты бөлігін құрайды. Сондықтан ондағы шикізат өнідірісінде тұрақты электр қуатының маңызы зор. Отандық модульдік станциялар толықтай тәжірибеде сынақтан өтіп, сапасы сарапталған.

Эдвин Блом, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» бас директоры:

- Бұл құрылғылар біздің зауыттың жүрегі саналады. Өйткені, ол электр қуатын бірақылыпты таратып, бақылап тұрады. Қазақстанда өндірілген құрылғылардың сапасы жоғары әрі бағасы арзан.  Қазір ішкі нарықта бәсекеге қабілетті.

Аталған модульдік станцияларды іске асырудың нәтижесінде Қарашығанақ кен орнындағы көгілдір отын өндіру қуаты жылына төрт млрд текше метрге дейін ұлғаятын болады, дейді мамандар. Модульдік қондырғылар салтанатты түрде еліміздің мұнайлы өңіріне жіберілді.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы