386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан демографиялық институтының тұсаукесері өтті

  • 163
  • UPD: 21:36, 17.07.2019

Санымыз қанша? Қанша болмақпыз? Алматыдағы Орталық Азия университетінде «Ұлттық демография: сан және сапа» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Ғалымдар, жазушы және журналистер халық санын өсірудің өзекті мәселелерін талқылады.

Конференцияны «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі мен «Жазушылар одағы» ұйымдастырды. Өкінішке орай, демография ғылымы еліміздегі кенже қалған саланың бірі. Осы кемшілікті жою үшін құрылған «Қазақстанның демографиялық ғылыми-зерттеу институтының» тұсаукесері болды.        

Жұматай Әлиев, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Демографиялық институтқа адамдар алып жатырмыз. Жастарды алып жатырмыз. Біздің алдымызға қойған мақсат осы жолдарын көрсету. Әріқарата осы мәселені дамыту. Бірінші мәселе алдымызда тұрған мемлекетімізді әрі қарата дамыту, тілімізді дамыту. Рухани байлағымызды ары қарата өсіру. 

Әміржан Әлпейісов, тарихшы, профессор:

- Қазақстан сияқты байлығы көп территориясы жері кең елде жоқ дегенде 40 миллион халық тұру керек. Сонда ғана біз өзіміздің қауіпсіздігімізді сақтаймыз, өзіміздің әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді дамытуға, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтап соны әрмен қаратай дамытуға мүмкіншіліктер кеңінен жасай алады.

Іс-шара Орталық Азия университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімімен тұспа-тұс келді. Әртүрлі мамандықты меңгеріп шыққан жастар үлкен өмірге жолдама алып отыр. 

Ерзат Мысыр, Орталық Азия университетінің түлегі:

- Білікті профессор, докторлар біздің студенттерімізге және де маған да үлкен бір білім дарытып, үлкен бір сапарға жол көрсетіп отыр.

Орталық Азия университеті жылдан жылға дамып келеді. Университетте жаңа оқу корпустары мен жатақханалар ашылып, студенттердің игілігіне жарап отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы