386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Көлгінов: Елордадағы қолжетімді баспана санын екі есеге көбейтеміз

  • 160
  • UPD: 22:40, 17.07.2019

Қолжетімді баспана саны екі есеге көбейеді. Бұл туралы елорда әкімдігінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің жүктеген міндеттерін орындау бойынша өткен жиында қала басшысы Алтай Көлгінов айтты.

Қазір елордада 46 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 3500-і көп балалы отбасы. Осындай 24 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен пәтерлі болған. Мұның төмен көрсеткіш екенін айтқан әкім, жұмыстар жүйелі жалғасатынын айтты. Осы ретте биыл коммуналдық тұрғын үй қорынан 1634 пәтер бөлінеді. Оның 731-і арендалық, 233-іне көпбалалы отбасылар иелік етеді. Сондай-ақ 1500 тұрғын үй сертификаты берілмек. Оның 1 мыңы көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар отбасыларға табысталады. Ал 500 сертификат білім, денсаулық сақтау және полиция департаментің қызметкерлеріне үлестірілмек.  

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Президенттің тапсырмасына сәйкес, қолжетімді баспананы біз екі есеге көбейтеміз. Қазір бізде де кемшіліктер бар. Кезекте тұрған азаматтар, аз қамтылған отбасылар 312 пәтерлі тұрғын үйді күтіп отыр. Біздің тарапымыздан 15 шілдеге жоспарланған. Бірақ ол үй қазір дайын емес. Өткен аптада барып қарадық, абаттандыру жұмысы бітпеген. Сондықтан 2 басқарма басшыны тәртіптік жазаға тартуға тура келді. Бұл тәртіпті күшейтеді деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы