386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде елді толғандырған мәселелер назарға алынады

  • 153
  • UPD: 22:46, 17.07.2019

Ұлттық кеңеске артылар жүк салмақты. Жаңа құрылған кеңестен ел де, үкімет те көп үміт күтеді. Екі тарап та халық пен билік арасында диалог орнатады.

Онда көтерілетін мәселелер шешусіз қалмайды. Бұл зайырлы мемлекет құрудың тағы бір көрінісі. Сарапшылар ұлттық кеңес жайында осылай деп пікір білдірді.

Кеңес құрамына 44 адам енді. Оның қатарында елімізге танымал саясаткерлер, әлеуметтанушылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділері мен депутаттар бар. Сондай-ақ, қоғамда туындаған күрделі мәселелерді шешуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де ат салыспақ. Сарапшылардың айтуынша мұндай құрылымдар жұмысы халықаралық тәжірибеде бар. Бірақ олар көбіне  тұрмыстық жайттармен шектеледі. Ал қазақстандық қоғамдық институттың ауқымы одан әлдеқайда кең болмақ.   

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы қсзи арнайы саяси-әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі:

- Кеңеске кірген-барлығы қоғамдық пікірдің лидерлері. Халық тыңдайды, құлақ асады, өтімді. Бқл жерде аймақтарда көп жүреді, араласады. Өзекті мәселелерді президентке жеткізу, шешуге көмектеседі.

Халықтан хабарды басшылыққа жеткізумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, қабылданған саяси шешімдерді көпшілікке түсіндіру – бұл да кеңес мүшелерінің міндеті. Бір сөзбен халық пен билік бүтұтас ағзаға айналады.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің жетекшісі:

- Бұл тұлғалар  қоғам мен биліктің арасындағы кері байланысты жақсарту керек. Қоғамның талаптарын, қоғамның мұқтаж мәселелерін билікке жеткізіп, биліктің қабылдап жатқан шешімдерін халыққа дұрыс талқылау. Яғни дұрыс түсіндіру. Бұл тағы бір міндеті ұлттық кеңестің.

Бірлігі бекем, іргесі берік ел болу үшін қоғам тұрақтылығы аса маңызды екені даусыз. Ұлттық кеңес қоғамда, әлеуметтік, экономикалық салаларда қордаланған сауалдарды күн тәртібіне шығарып, үйлестіретін болады. Сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың ел мүддесі үшін қаншалықты тиімді екенін де сараптап отырады. Яғни елдің мұң -мұқтажы ескереді. Айта кетейік, кеңесте елді толғандырған тек ауқымды мәселер ғана назарға алады.

Хабар 24 телеарнасы