386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік басқаруды дамыту билік пен қоғамның байланысын нығайтады

  • 140
  • UPD: 23:41, 17.07.2019
Мемлекеттік басқаруды дамыту билік пен қоғамның байланысын нығайтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын дайындауды тапсырған болатын.

«Бұл билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.» дейді экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков. Сарапшының айтуынша, өзара қатынас өзекті мәселелерді тез арада шешуге оң ықпалын тигізеді.

Анатолий Башмаков, экономика ғылымдарының докторы:

- Қазір бізге биліктің жұмысын халыққа айтып жеткізе алатын адамдар керек. Ой-пікірін ашық айтатын басқарушылар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырады. Бұл өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы