385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетім көрсең, жебей жүр...

  • 138
  • UPD: 09:35, 18.07.2019

Жесірін қаңғыртпай, жетімін жылатпаған халқымыздың бүгінгі тұрмысында «тастанды бала» деген ұғым қалыптасты.

Ащы болса да, бұл шындық. Шыр етіп дүниеге келгенінен бастап, ата-ана, туған-туысына керек болмаған балалар мемлекеттің қамқорлығында. Дегенмен албырттықпен аяғын шалыс басып, балалы болып, бірақ сәбиінен бас тартпаған аналар да бар.

Айжанның «Ана үйінде» тұрып жатқанына 2,5 айдан асыпты. Перзентханадан шыққан кейін барар жері болмаған соң, ол осында келген. Сүйгені баланы алдырт десе, ата-ана, туған-туысы ел жұрттан ұят болатын болды, деп одан теріс айналып отыр.  

Айжан, жалғызбасты ана:

– Өмір сыйлайын дедім. бірақ босанғаннан кейін баламды қолыма алғаннан кейін менің өмірімнің мәні сол екенін түсіндім, өзім тамақ ішпесем де, қызымды өзім қалай болса да жеткізіп, өсіріп, бағып, елдің алдында ұялмайтындай болғым келеді.

Өз баласы түгілі, өзгені бауырына басып, талайларға пана болған ұлтымызда енді жақындарына керек емес «тастанды бала» ұғымы пайда болды. Мұның басты себебі, екі жас ойланбай істеген әрекетінен кейін жауапкершіліктен қашады, дейді психолог маман. 

Жауапкершіліктен қашпай, баламнан бас тартпаймын деген аналар барар жері болмаған соң осы Аналар үйіне келеді. Қазір мұнда 12 ана бар. Мұнда олар балаларына қарайды, ас дайындауды үйреніп, үй тірлігіне машықтана бастайды. Тіпті тапсырысқа тігін тігіп, табыс табады.

Аминат Джаппуева, қоғамдық қордың меңгерушісі:

– Бүгінгі кезде біздің қоғамдық қоры 4000 анаға көмек берді. Ол ойласаңыз, 4000 мың сәби анасымен қалды. 4000 мың сәби жетім болған жоқ. Сол 4 мыңның ішінде 76 пайызы туған-туыстарымен тіл табысып, үйлеріне қайтып жатыр.

Дәл осындай жобалардың арқасында қазір балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайып келеді. Қазір мұнда 46 бала болса, оның 26-і тастанды дейді, Алматы қалалық сәбилер үйінің бас дәрігері Ләтипа Қожамқұлова.

Ләтипа Қожамқұлова, сәбилер үйінің бас дәрігері:

– Жылдан жылға сәбилердің саны азайып келе жатыр. Бұрынғы жылы 125-75 болған болса, қазіргі таңда 50-55 болып, сандары азайып келе жатыр.

Ал ата-анасы мүлде бас тартқан сәбилер туралы мәліметтер үш күннің ішінде порталға тіркеледі. Яғни бала сүюге зар болып жүрген отбасыларға оларды асырап алуға мүмкіндік туады. Осылай, бірі ұрпағынан бас тартса, екіншісі бала тәрбиелеу бақытына қол жеткізеді.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы