386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бейнеблогерлерге арналған байқау жарияланды

  • 390
  • UPD: 08:46, 18.07.2019
Қазақстанда бейнеблогерлерге арналған байқау жарияланды openqazaqstan.kz

«I’m from Qazaqstan» - бастаушы және озат блогерлерге арналған байқау. Оған видео түсіріп, камерамен жүмыс істей алатын әрбір адам қатыса алады.

Қатысушылар өзінің туған жері туралы влог түсіріп, оның туристерді қызықтыратын тұстары жайлы айтып беру керек. Конкурстық материалдарға әлемнің танымал блогерлері баға бермек.

Конкурстың жеңімпазы 1 млн теңге алады. Екінші орынға – 500 мың, үшінші орынға – 300 мың теңге қарастырылған.

Конкурс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүргізіліп отыр.

Байқау 11 шілдеде басталды. Жұмыстарды тіркеу және қабылдау 7 тамызға дейін жалғасады екен. Финалистер тізімі 19 тамызда жарияланады. Байқаудың финалы 24-25 тамызда өтеді.

Видеоға қойылатын талаптар:

  1. Роликтің хронометражы 3 минуттан аспау керек
  2. Файлдың форматы - mp4
  3. Ажыратымдылығы – Full hd 1920х1080
  4. Салмағы - 500 мб дейін
  5. Музыкалық сүйемелдеу YouTube тегін кітапханасынан жүктелуі тиіс
  6. Видеожұмыс сілтеме бойынша қолжетімдігі бар бұлттық қоймада немесе файл алмасу орнында орналасуы керек (кіруге сұраусыз). Қолайлы көрінетіндер - Google Диск, Yandex Диск немесе Облако Mail.ru.

Қосымша ақпаратты openqazaqstan.kz сайтынан алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы