386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экология министрі #TazaQazaqstan акциясын жариялады

  • 285
  • UPD: 11:49, 18.07.2019
Экология министрі #TazaQazaqstan акциясын жариялады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады.

Бұл туралы еліміздің бас экологы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Қаламыздың жақын маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым.Аумақтардың жағдайы мәз емес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы.Аяқ алып жүргісіз қоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған.Проблеманы тек әкімшілік әдіспен шешу мүмкін емес,қоғамның бірлігі қажет», - деп хабарлады Мырзағалиев.

Осыған байланысты Экология министрі  #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының бастайтынын хабарлады.

«20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды,қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!», - деді ол.

Министр акцияға атсалысу үшін қай жерден жиналу қажеттігін де көрсетті.

«Жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады.Сол жерден барлығымыз автобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылады.Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар», - деп үндеу тастады  министр.

 

Хабар 24 телеарнасы