386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 60 мың тұрғын салығын төлемей жүр

  • 241
БҚО-да 60 мың тұрғын салығын төлемей жүр Inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысында 60 мың тұрғын салығын төлемей жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеке тұлғалардың 2019 жылдың 1 қаңтарына салық берешегі 512 миллион теңгені құрайды. Оның 70% – көлік салығы болса, қалғаны жер және жылжымайтын мүлік салығы. Қордаланған қарыздың азаюына мемлекет жәрдемдеспек. Жуырда «Жеке тұлғаларға салық амнистиясы туралы» заң күшіне енген болатын. Заңға сәйкес егер борышкер негізгі салықты төлесе, соңғы 5 жылдағы өсімпұлы мен айыппұлы кешірілмек. Рақымшылық акциясы жыл соңына дейін жалғаспақ. Соңғы рет жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық елімізде 2014 жылы жүргізілген еді.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

– Өсімпұлды есептен шығару үшін әр жеке тұлға өздерінің негізгі бережақтарын толықтай төлеуі тиіс. Ол үшін олар жеке тұлға ешқайда барудың қажеті жоқ. Бұл бағытта кірістер органдарымен күн сайын әрбір салық төлеушінің дербес шоттарына мониторинг жүргізіп пайда болған, яғни өсімпұлдарды есептен шығаратын комиссияның шешімімен үш жұмыс күні ішінде шығарылуға тиісті.

Хабар 24 телеарнасы