384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медицина саласындағы 225 мың қызметкердің жалақысы 25-30% өседі

  • 394
Медицина саласындағы 225 мың қызметкердің жалақысы 25-30% өседі Elorda.info

Елімізде шілдеден бастап медицина саласындағы 225 мың қызметкердің жалақысы 25-30 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін қатардағы санитарлар 50-60 мың теңге алса, енді 85 мыңға көтерілді. Ал дәрігерлер дәрежесі мен біліктілігі және жұмыс жүктемесіне сәйкес200 мыңнан 300 мыңға дейін еңбекақы алатын болады. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы мамандарының да айлығы көтерілді. Орталық қызметкерлерінің 30 проценттен астамы – жас мамандар. Сондықтан еңбекақының өсуі жұмысқа деген ынтаны арттырады.

Динара Шүкірхан, мейірбике:

– Мемлекеттің жас мамандарға және медицина саласының қызметкерлеріне жалақының 20-30% қосылуы өзіміздің күн көресімізге және жұмыс істеуімізге стимул береді. Бұл қосылып жатқан ақша көптеген жас мамандардың жұмыс істеуіне, жұмыста қалуына, орналасуына және өзінің кәсібін жылжытуына өзінің септігін тигізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы