386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының азаматтарын қоршаған ортаның жағдайы алаңдатып отыр

  • 149
  • UPD: 16:06, 18.07.2019

Ертіс өңірінің жұртшылығы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билік пен қарапайым халықтың арасын жақындата түседі деген пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел Президенті жанындағы институт жаңа форматта жұмыс істеп, тұрғындарды алаңдатқан кез келген мәселенің шешу жолдарын табу керек. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің айтуынша, бүгінгі күні кеңесті құру қажеттілігі туындады. Халық арасында уақыт күттірмейтін мәселелер де жетерлік. Мысалы, еліміздің индустриялық орталығы атанған Павлодар облысының азаматтарын әлеуметтік проблемалармен қатар, қоршаған ортаның жағдайы алаңдатып отыр. Сапалы ауыз сумен қамту да басты назарда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы жұмыс сапары кезінде айтып, қозғаған болатын. Кеңес құрамында түрлі саладан, түрлі саяси партиялардың өкілдері мен белсенді жастардың бары белгілі. Сол себепті жаңа ұйым 2-3 айда бір рет ресми жиын өткізетін ресми жолдан тартынып, қоғамдағы аса маңызды мәселелерді талқылайтын алаң болуы керек. Ал кеңестің жаңа форматы ашық және тұрғындарға қолжетімді болып, қоғамдық ой қалыптастыруға да атсалысу қажет.

Максим Споткай, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының көшбасшысы:

- Осы институт сөз сөйлеу үшін ғана емес, қазіргі қазақстандық қоғамда проблемалардың барлығын шешу жолдарын табу үшін құрылған алаңға айналады деп кәміл сенеміз. Бәрімізге белгілі, әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрғыдан да мәселелеріміз бар. Сондықтан кейбір алаңдарда осы проблеманы айтпай, қазір ашық түрде, форматта айтуға мүмкіндік бар бізде. Және де осы кеңесті Мемлекет басшысы өзі басқарады. Яғни, соған да тікелей жеткізу үшін үлкен мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы