386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көлік полицейлері теміржол рельстерін ұрлаған адамдар тобын ұстады

  • 177
ШҚО-да көлік полицейлері теміржол рельстерін ұрлаған адамдар тобын ұстады

Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шемонаиха теміржол станциясының аумағынан теміржол бөлшектерін ұрлаған 23 және 34 жастағы екі ер азаматты анықтап, ұстады.

Тергеу барысында құқық бұзушылардың теміржол станциясы маңында орналасқан бір ЖШС-ге кіреберіс жолдағы жалпы салмағы 2 тоннаға жуық рельстерді арнайы аппаратпен кескілеп, бөліп ұрлағандығы анықталды.

Олар аталған қылмысты жасағандарын мойындады.

Ұсталғандар ШҚО Шемонаиха аудандық сотының шешімімен кінәлі деп танылды.

Осыған ұқсас жағдай ШҚО Тұрғұсын-Зырян станцияларының өткелінде де орын алды. Екі ер азамат теміржол жиегіндегі учаскеден ұзындығы 15 метр болатын теміржол рельстерін ұрлап, металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізу үшін жымқырып, Алтай қаласына алып кеткен.

Олар ізінше көлік полицейлерімен ұсталды.

Ұсталғандар Зырян аудандық сотының шешімімен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Хабар 24 телеарнасы