386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баянауыл ауданында өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды

  • 200
  • UPD: 22:52, 18.07.2019
Баянауыл ауданында өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды Pavlodarnews.kz

Павлодар облысының Баянауыл ауданында қызыл жалынмен күрес жұмыстары төртінші күн қатарынан жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың хабарлауынша, ұлттық-табиғи парктің аумағында құрғақ шөп жанып, от 46 гектарлық орман алқабына таралып кеткен. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өртке қатысты жағдай сағат сайын бақыланып отыр. Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, тілсіз жаудың ашық ошақтары анықталған жоқ, яғни таралуына тосқауыл қойылды. Дегенмен кезекшілік тәулік бойы атқарылады. Күрес жұмыстарын орманның тауда орналасуы мен тастардың қызуы қиындатып отыр. Бүгінгі таңда өрт ошақтарын ауыздықтауға 100-ден астам маман атсалысып жатыр.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД басшысы:

– Оған Баянауыл паркінің өрт сөндіру командалары және бүкіл горнизоны, Павлодар облысының Баянауыл, Қалқаман ауылы, Май және Екібастұз қалалары өрт сөндіру және облыстық жедел топ жіберіліп, бүкіл жұмыс атқарылған болатын. Бұдан басқа Өскемен қаласынан МИ-8 тікұшағы және Көкшетау қаласынан Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазавиақұтқаруға» қатысты МИ-26 тікұшағы жеткізілген болатын. Кешегі күндері МИ-26-мен 300 тонна су төгілген болатын. МИ-8 тікұшағы 190 тонна төгілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы