386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметкерлер шетелдік инвесторларға қысым көрсеткен

  • 204
  • UPD: 22:48, 18.07.2019

Ұлттық бюро соңғы 1 жылда кәсіпкерлерден 600-ге жуық өтініш келіп түскенін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арызданғандардың жартысынан көбі өзге елдің қаржыгерлері. Тексеріс кезінде мамандардың бизнес өкілдеріне уақтылы қызмет көрсетпегені анықталған. Тіпті арасында компанияны тіркеу үшін қомақты қаражат талап еткендері бар екен. Осындай бассыздыққа барған 77 адам жауапқа тартылыпты. Оның 21-і үлкен көлемде айыппұл арқалады. Кейбірі қызметінен қуылды.

Айдос Мамыт, ҚР СЖҚІА «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасының қызметкері:

– Шетелдік инвестор Қазақстанға келген кезде заңдылық туралы толық мағлұмат алмаған, Қазақстанның заңдарын білмейді. Сол себептен небір ойға келмейтін ұсақ, кішкентай сұрақтарға дұрыс жауап бермей, жауапқа тартылып жатады.

Осы тұста ауыл шаруашылығы саласында да араны ашылғандар азаймай тұр. Мамандар жыл басынан бері 126 адамның күдікке іліккенін айтады. 76 қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Айыпталған 20 адамға сот үкімі шыққан. Ұлттық бюро қызметкерлері жемқорлық деректері субсидия бөлу кезінде жиі тіркелетіндігін айтады.

Дамир Бекайдаров, ҚР СЖҚІА аға тергеушісі:

– Ұсталғандардың көбі қызметтік бабын асыра пайдаланып, кәсіпкерлерден пара талап етіп келген. Олар мемлекеттік сатып алуға қатыстыру үшін шаруаларға өздерінің талаптарын қойыпты. Ақша ұсынғандарына рұқсат қағаздарын берген және субсидия алуларына мүмкіндік жасаған.

Хабар 24 телеарнасы