386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жатақхана тұрғындары далада қалмайтын болды

  • 172
  • UPD: 22:48, 18.07.2019

Семей қаласындағы Докучаев көшесі 1 «А» мекенжайында орналасқан жатақхана тұрғындары далада қаламыз ба деп дабыл қаққан еді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл нысан 2014 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша салынып, аз қамтылған, ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілген.

60 бөлмелі жатақхана тұрғындарының біразы осы уақыт ішінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты баспаналарын алып көшіп кетті. Алайда көптеген отбасылар әртүрлі себептерге байланысты жалға беру мерзімін ұзартуды өтініп сұраған. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов араласып, бұл мәселе оң шешімін тапты.

Осыдан бір ай бұрын қолдарына жатақхананы босату туралы ескерту алған отбасылар абдырап қалғаны ақиқат. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес тұрғындармен қала әкімі кездесті.

Әртүрлі себептермен тұрақты баспана алуға мүмкіндіктері болмаған отбасылар қала әкімінен жалдап тұру мерзімін ұзарту өтініп сұрады. Өйткені шиеттей бала-шағамен дәл қазір баратын жер жоқ екенін жеткізді жұртшылық.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

– Заң ғой, соның барлығын заңға сәйкес келтіреміз дегендей. Сол шешімді жеткізіп отырмын. Даниал Кенжетайұлына телефон соғып айтамын, сізге жеткіздім деймін осы шешімді. Ол кісі де ана жақта қалай, не болып жатыр деп алаңдап отыр. Тұра бересіздер, 1 жыл, 5 жыл, 10 жыл.

Заң талаптарына сәйкес, жатақхана жекешелендіруге жатпайды. Алайда жалға беру мерзімін ұзарту арқылы болашақта бұл отбасылардың барлығын ипотекалық немесе арендалық тұрғын үймен қамту көзделіп отыр. Қазір 51 отбасымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қайтадан келісімшарт жасауға кірісті.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы