386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кептелісі реттелді

  • 125
  • UPD: 07:18, 19.07.2019
Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кептелісі реттелді

Бұған дейін арнамыздың тілшілері Ертіс өңіріндегі Қазақстан-Ресей шекарасында бірнеше күнге тұрып қалған жүк көліктерінің мәселесін көтерген еді.

Бүгінгі күні жағдай бақылауда болғанымен, Оңтүстік өңірлерден Ресейге ағылған көліктердің саны азаймай отыр. Қазір Успен ауданының «Қосақ-авто» шекара бекетінде 100-ден астам машина тұр. Айта кетерлігі, қазақстандық тарап бір жүк көлігін 20 минуттың ішінде тексеріп жібереді. Оған қоса, шекара қызметі күшейтілген режимге көшкен. Дегенмен, екінші тарап тексеріс жұмыстарына көп уақыт жұмсап жатыр. Кептелістің туындауы да сондықтан. Мамандардың айтуынша, тасымалдаушылардың дәл осы бекет арқылы өтуге ниет білдіруінің өз себептері бар. Ресейге жеткізетін жол сапалы әрі қысқа. Мәселен, өзге шекара бекетімен салыстырғанда 450 шақырымды үнемдеуге болады. Жергілікті әкімдік күннің аптап ыстығында жүргізушілерге көмектесіп жатыр. Олар ішетін су, тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтылды. Успен ауданының билігі ресейлік әріптестерімен байланыс орнатып, тексеру үрдістерін жылдамдатуды сұрауда. Ресейлік шекарашылардың айтуынша, өнім тиелген көліктің ішінде қызметтік иттердің жүруі үшін «дәліз» болуы шарт. Кейбір жүргізушілер бұл талапты орындамайды. Сондықтан, тексеріс көп уақыт алады.

Қабиболла Абушахманов, Успен ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

- Халықтан, сол жердегі шопырлардан ешқандай шағымдар түсіп жатқан жоқ. Өйткені, су, басқа да жағдайлар, керек болатын болса, сол жерденде аудандық жедел жәрдем қызмен соның басында.  Машиналар азайып жатқан жоқ. Көбеймесе, азайып жатқан жоқ.  Өйткені, бүгінгі күні  Оңтүстіктен көп машина келіп жатыр. Көбі сол Новосібір арқылы кіреді Ресейге. Сондықтан, машиналар саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ.  Осының алдында 70-80 еді, енді 120-110.

Хабар 24 телеарнасы