386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тұрғын үй құрылысына 1300-ге жуық жер телімі беріледі

  • 125
  • UPD: 07:53, 19.07.2019
БҚО-да тұрғын үй құрылысына 1300-ге жуық жер телімі беріледі

Батыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімін сұраушылардың саны 100 мыңнан асады.

Оның 72 мыңы Орал қаласында болса, қалғаны аудандарда тіркелген. Әсіресе, облыс орталығына іргелес жатқан Бәйтерек, Теректі аудандары мен Ақсай қаласында кезек күткендердің қарасы қалың. Тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында биыл өңірде 944 жер учаскесі берілген, жыл соңына дейін тағы 1258 жер телімін бөлу жоспарланған. Оның барлығы да ауылдық жерде. Мәселен, Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында алдағы айда 350 тұрғынның көптен күткен жер учаскесіне қолы жетпек. Күні бүгін мұнда су және газ құбырлары, жарық желісі тартылып, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым әзірленіпті.

Арман Жұмабеков, Бәйтерек аудандық сәулет бөлімінің басшысы:

- Аудан тұрғындарына соңғы 3 жылда Переметное, Белес, Володар ауылдарында 700-дей жер телімі берілген болатын. Биыл Дариян ауылында 350 учаскеге қажетті инфрақұрылым әзірленді. Бұл мақсатқа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ел қазынасынан 180 миллион теңге бөлінді. Қаржы толық игерілді. Енді тамыз айында жер телімін бөлеміз. Бұл жұмыстар келешекте де жүргізіледі. Себебі, ауданда жердің кезегінде 8 мың жарым  азамат бар.

Хабар 24 телеарнасы