386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ысырапқа шектеу қоюға ықпал етеді

  • 191
  • UPD: 08:45, 19.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысы орынсыз ысырапшылдыққа жаппай шектеу қоюға ықпал етеді.

Бұл батыс аймақтар бойынша әзірге бірінші болып кеңес мүшелігіне қабылданған Жәнібек Қожықтың пікірі. Қоғам белсендісінің айтуынша, мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаудың алдын алу, қандай да бір заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізбес бұрын оның тұжырымдамасын халық алдында жан-жақты талқылаудан басталады. «Президент Тоқаев төрағалық ететін кеңестің алғашқы отырысында-ақ бұған дейін күн тәртібінен түспей келген көптеген мәселенің ақ-қарасы айқындалады. Және де хаттамаға алынғаннан бастап, оларды шешуге бағытталған кешенді іс-шаралардың қолға алынары сөзсіз» дейді ол.

Жәнібек Қожық, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Кеше мемлекет басшысының өзі айтты: қажет емес дүниелерге миллиардтаған қаржылар құйылып жатыр. Өзім де көрдім, қазір бізде тек қана ақшаны талап ететін, қайтарымы жоқ бір әсерлік сәттерге салынып қойылған дүниелер бар. Соны зауыттар, фабрикалар салуға, жастар баспана салуға, жұмыс ашуға, көп балалы аналарға үй беруге жұмсауға болады. Қазіргі қоғамда осының бәрі де күйіп тұр. Соның ішінде ұлттық рухани құндылық мәселелерміз де көтеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы