386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте дәрігерлер ана мен баланы ажалдан аман алып қалды

  • 128
  • UPD: 08:45, 19.07.2019

Шымкент қаласында алғаш рет науқастың жүрегіне ашық түрде операция жасалды.

Аяғы ауыр әйелдің скринигтік тексеруден өтуі кезінде жүрегінен ісік табылған. 20 жастағы келіншек жүктілігін тоқтатудан бас тартыпты. Нәтижесінде дәрігерлер 2,5 сағат операция жасап, ана мен баланы ажалдан құтқарып қалды. Олар жүрек пен өкпенің қызметін тоқтату арқылы қан айналу жүйесіне жиналған іріңді алып тастады. Жүктілік мезгілі 16 аптадан асқан ананың қазіргі жағдайы жақсы. Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері Шымкенттегі кардиологиялық орталық мамандары ашық түрдегі 300-ден астам операцияны сәтті аяқтап шықты.

Ермағанбет Қуатбаев, кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Ашық түрде жасалатын операциялардың бәрінің өзінің ерекшелігі бар. Осы науқасқа да осы ерекшеліктермен жасалды. Сол жасалып жатқан операция кезінде жүрек пен өкпе тоқтап, оның орнына басқа құрал-жабдықтар қызмет атқарады. Жалпы организмнің қан қысымын, ағзада болып жатқан өзгерістердің барлығын қадағалап, бірқалыпты ұстауға мүмкіншілік жасайды. Бәрі сәтті өткен кезеңде жаңағы аппараттарды ажыратып, толық мөлшерде жүрекке өз қызметін қайтадан қосамыз.

Хабар 24 телеарнасы