386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

  • 155
  • UPD: 11:08, 19.07.2019
Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады elorda.info/

22-29 шілде аралығында елордада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады.

Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды.

Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады. Мектеп «Park inn» by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекенжайы бойынша сағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады. Жоба «Қазақстан Даму Ассоциациясы» ЗТБ іске асырылуда. Кіру тегін. Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады.

Хабар 24 телеарнасы