386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы 69 ауыл өзін өзі басқаруға көшті

  • 158
  • UPD: 11:53, 19.07.2019
Ақмола облысындағы 69 ауыл өзін өзі басқаруға көшті

Жыл басынан бері Ақмола облысындағы 69 ауыл өзін өзі басқаруға көшті.

Айталық, Жақсын ауданына қарасты 3 ауылдық округтың жеке бюджеті жасақталды. Олардың арасында Жаңақима елді мекені де бар. Биыл аталған ауылда жергілікті бюджет есебінен 2 бірдей көше жөнделген. Үш көшеге жарық орнатылды. Ауыл басшылығы енді орталық саябақты қалпына келтіруді көздеп отыр. Қазір Жаңақимада екі жарым мыңға жуық адам тұрады. Ондағы кіріс көлік, мүлік және жер салығынан түсіп отыр.  

Ерлан Сыздықбаев, Жаңақима ауылдық округінің әкімі:

- Биылғы жылға бекітілген бюджет 26 млн 700 мың теңгеге жуық. Оның 8 млн теңгесі салықтан түседі. Қалған қаражат аудандық бюджеттен бөлінеді. Жергілікті қазына қаржысын ауылды абаттандыруға,  инфрақұрылымды жақсартуға жұмсаймыз.

Хабар 24 телеарнасы