386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық депутат Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты пікір айтты

  • 146
  • UPD: 13:03, 19.07.2019

Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, соңғы жүзжылдықта қоғам санасы жаңа басқару жүйесіне байланысты әлдеқайда өзгерген.

Тек ұжымдасып қабылданған шешімдер ғана адамзатты алға қарай дамытуға ықпал етпек. Сондықтан жаңадан құрылған ұлттық қоғамдық кеңес Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға алып келетін заманауи шешім дейді қалалық мәслихаттың депутаты Төлеген Әшімов.

Төлеген Әшімов, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Қоғамдық құрылымдар өте дұрыс жол. Бір адам шешім қабылдай алмайды. Біз үйреніп қалғанбыз, әкім шешім қабылдайды, президент шешім қабылдайды деп. Қоғамдық кеңеске не тілейміз, халықтың пікірін елейтін, түзу сұхбат айтып, дұрыс шешімдер қабылдауына себепші болуына тілектеспіз.

Хабар 24 телеарнасы