388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды мемлекеттік қызметке қолжетімділік артты

  • 321
  • UPD: 14:34, 19.07.2019
Электронды мемлекеттік қызметке қолжетімділік артты

Жыл басынан бері электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны екі есе артты.

Онлайн түрде 23 миллион 500 мың анықтама берілді. Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Абылайхан Оспанов бүгін осылай деді. Ведомство мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтуға тікелей жауапты. Құзырлы орган электронды түрде берілетін мемлекеттік қызметтерді жыл соңына дейін 80 процентке жеткізуі тиіс. Ал қазір көпшіліктің кең қолданысындағы Телеграмм қосымшасы тиімді құралға айналды. Яғни EgovKzBot арқылы анықтаманың 25 түрін алуға болады.

Абылайхан Оспанов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

- Электрондық нысанда 132 қызмет, 72 пайыздай, азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясы арқылы 635 қызмет және қағаз нысанда 230 қызмет көрсетіледі. Бүкіл лицензиялар, рұқсат беретін құжаттар 100 процент электронды түрге көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы