386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық пен билік арасындағы көпірге айналады – Депутат

  • 221
  • UPD: 16:15, 19.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – халық пен билікті байланыстыратын «алтын көпірге» айналуы тиіс.

Бұл Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының депутаты Торғын Әбдірахманованың пікірі. Оның ойынша, белсенді азаматтар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруі керек.

«Әсіресе шалғай елді мекендердегі қордаланып қалған сұрақтар шешімін тапса игі» дейді халық қалаулысы.

Торғын Әбдірахманова, Шал ақын аудандық мәслихатының депутаты:

- Біз ол қоғамдық кеңестен күтетініміз өте зор. Халық сенім білдіріп отыр. Әсіресе біздің ауылдан шыққан ауылдарды көптеген өзекті мәселелер қозғайды. Бастысы жол мәселесі, ауыз су мәселесі деген сияқты. Енді біртіндеп шешіліп жатыр. Біз сол ұлттық қоғамдық кеңеске өте қатты сенім білдіреміз, осы біздің мәселелерімізді шешім беретініне өте сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы