386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам мен биліктің диалог алаңына айналады

  • 196
  • UPD: 16:16, 19.07.2019

Қордаланған мәселелердің түйіні талқыға түсетін өкілетті кеңестің құрылуы халықтың атқарушы билікке деген сенімін арттырады.

Ақтаудағы қоғамдық кеңестің мүшесі Аят Сүгірбай осылай дейді. Оның айтуынша, уақыт талабына сай қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы әлі күнге қағазбастылықтан толық арылмаған кейбір ведомстволардың жұмысын бір жүйеге түсіреді. Сәйкесінше арызын арқалаған халықтың түрлі кеңселердің табалдырығын тоздыру машақатынан арылтады. «Президенттің өз басқаратын кеңестің алғашқы жиынынан соң көптеген құзырлы мекемелердің құрғақ уәдеден қол үзіп, нақты іс-қимылға көшеріне сенімдімін» - дейді қоғам белсендісі.

Аят Сүгірбай, өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі:

- Көп жағдайларда біз естиміз, әртүрлі мәселелерді шешу қажет. Қажет, керек деген сөздерді көп қолданамыз. Енді нақты іске көшетін уақыт туды деп ойлаймын. Сондықтан осындай мәселелер көшеге шығып емес, диалогтық площадка құру арқылы ол кеңестің қазіргі таңда жұмысын бастап, дереу түрлі мәселені шешуі өте қажет және де оны қоғам жақсы қабылдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы