386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соғыста хабарсыз кеткен семейлік боздақтың бейітіне туған елдің топырағы бұйырды

  • 185
  • UPD: 15:37, 19.07.2019
Соғыста хабарсыз кеткен семейлік боздақтың бейітіне туған елдің топырағы бұйырды

Батырлар ерлігі өшпейді. Семейлік Шайжамал Сартайқызы 78 жылдан кейін хабар-ошарсыз кеткен әкесі туралы мәліметтер алып, жерленген жеріне туған жердің топырағын салып қайтты.

Жаңасемей ауданы Жыланды ауылында туып өскен Сартай Бейімбетов 34 жасында қан майданға аттанып, Мәскеу түбіндегі кескілескен шайқастардың бірінде Отан үшін шейіт болған екен. Ұзақ жылдардан кейін табылған деректер негізінде батырдың ұрпақтары Ресейдің Калинин облысы, Лебедево ауылына барып қайтты. Бұл жерде сол бір сұрапыл соғыста көз жұмған жауынгерлер жерленген. Сол жердің бір уыс топырағы туған жерге әкелінді. Осыған байланысты Семейдегі гарнизондық Офицерлер үйінде де салтанатты шара өтіп, ерлікке тағзым жасалды. 

Шайжамал Сартайқызы, жауынгердің қызы:

- 1941 жылы тамызда кетті, сонда мен 4 жастан 1 ай асқан кезім. Мен сонда айтқан сөздерінің бәрін көкейімде жазылып қалды, ұмытпаймын әлі күнге жаңа ғана айтқандай. Сонда кішкентай баламыз демейміз. Біз жұмыс істедік, сөйтіп өмір өткіздік, әне келеді, міне келеді деп жылаумен өтті күніміз. Арманыма жеттім деп ойлаймын. Басына барып Құранымды оқып, басымды иіп, ескерткішін көріп, қолыммен сипап бәрін көрдім

Амантай Доғалақов, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Келешек ұрпаққа міне, біздің бабаларымыз қандай болған, міне «Рухани жаңғыру», міне «Ұлы даланың жеті қыры» деген осы. Біреуін де ұмытпай, ары қарай Отанымызды қорғау үшін әскерде жүрген адамдардың бәрі осылардан үлгі алады деп айтуға әбден негіз бар. Біз мектеп, гимназия, университеттерде осындай адамдарды айтып түсіндіреміз.

Хабар 24 телеарнасы