386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық кеңес маңызды сұхбат алаңына айналуы тиіс

  • 159
  • UPD: 20:06, 19.07.2019

Қазақстан жылдан жылға мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жетілдіріп келеді.

«Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру және оның ережесі мен құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы – соның дәлелі», - дейді сарапшылар.

 Ұлттық кеңеске қоғамның әр саласынан 41 өкіл енген. Олар кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы. Сондай-ақ отырыстарда қаралатын мәселелерді қоғамда талқылап, түсіндіре алады. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, Ұлттық кеңес маңызды сұхбат алаңына айналуы тиіс.    

Смағұл Елубай, жазушы:

– Айтқан сөзінің бәрі іске асып жататын заң шығарушы орган емес, кеңесші орган. Соның өзі бұлардың еркін сөйлеп, қордаланып қалған мәселелерді еркін айтып, айтқанда Мемлекет басшысының өзіне айтып отыратын орган болғандықтан, біз үлкен үміт артып отырмыз.

Ұлттық кеңеске Президент төрағалық етеді. Төрағаның шешімімен алқалы жиынға жергілікті қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де сала өкілдері енгізілуі мүмкін. «Әсіресе, әйел азаматтармен толықса», дейді сарапшылар. 

Ирина Черных, ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері:

– Қазақстанда бизнесте, журналистика саласы мен үкіметтік емес ұйымдарда белсенді әйелдер өте көп. Егер алдағы уақытта кеңестің құрамына аймақтардан да беделді қайраткерлер қосылып жатса құба-құп. Өйткені олар өздері тұратын өңірдің тыныс-тіршілігін жақсы біледі.

Жұмыс жариялы жүреді. Ұлттық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылыққа БАҚ арқылы жеткізіліп, интернет желісінде орналастырылады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы