386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлыққа қатысы бар С.Аманғалиевтің ісі бойынша 17 куәгерден жауап алынады

  • 193
  • UPD: 20:09, 19.07.2019

Аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлыққа барған ақтаулық шенеунік Серік Аманғалиевтің ісі бойынша 17 куәгерден жауап алынады.

Бұл туралы ашық түрде өтіп жатқан сот отырысында мәлім болды. Бұған дейін құзырлы орган қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес қозғалған істі екі рет талдаған еді. Алайда оларға БАҚ өкілдері қатыстырылған жоқ. Бүгінгі отырыста айыпталушы, сондай-ақ адвокаттар мен куәгерлер де сұхбат беруден бас тартты. Естеріңізге сала кетсек, Серік Аманғалиев соңғы екі жылда Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Оған Ақтауда мұз сарайын салуды көздеген инвестордан 115 мың еуро пара алды деген айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы