386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі университеттің бірінде есірткі тұтынуға арналған орын бар екені анықталды

  • 212
  • UPD: 19:18, 19.07.2019
Шымкенттегі университеттің бірінде есірткі тұтынуға арналған орын бар екені анықталды

Шымкенттегі оқу орнының бірінде есірткі притоны табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін арнайы орын ұйымдастырылғанын анықтады. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау мақсатында іс-шаралар қолға алынған.

Әсел Сәденова, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы