385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жол бойындағы нысандар талапқа сай емес

  • 236
Қазақстанда жол бойындағы нысандар талапқа сай емес

Республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы қызмет көрсету нысандарында дәретхана болмаса, жұмысына тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автомобиль жолдары туралы заңға осындай өзгеріс енгізу ұсынылған. Заң жобасы қазір талқыланып жатыр. Бұл туралы «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаев мәлімдеді. Айтуынша, қазір жол бойындағы сервистік орындарға қойылатын талаптар күшейген. Алайда қолданыстағы құжатта жол бойында дәретханалар қою міндеттелмеген.

Рустам Исаев, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры:

– Соңғы екі жылда ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервис нысандарының саны 33 пайыздан 47 пайызға өсті. Бүгінде республикалық және халықаралық жолдар бойында 1819 сервис нысаны қызмет етеді. Соның тек 850-інде ғана жабдықталған жайлы дәретхана бар. «ҚазАвтожол» бақылауына қарайтын жолдарда 23 жабдықталған, 880 жылытылмайтын дәретхана бар.

Ал биыл жыл соңына дейін республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Семей тасжолындағы жұмыс толығымен аяқталады. Сонымен қатар жалпы еліміз бойынша 548 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы