386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жылу желілерінің 70% тозған

  • 275
  • UPD: 15:23, 20.07.2019
Таразда жылу желілерінің 70% тозған AlashInform

Биыл Таразда жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын жылу желілері жаңасына ауыстырылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аспақшы. Жоба құны – 7 миллиард теңге. Жылыту маусымы басталғанша барлық шаруаны аяқтау үшін мамандар қазір кешке дейін еңбек етіп жатыр. Осылайша 320 көпқабатты тұрғын үйді қамтитын жылу магистралі толығымен жаңартылады. Сондай-ақ былтыр шаһардағы Ниетқалиев көшесіндегі басталған істер де жалғасын таппақ. Жауаптылардың айтуынша, жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Кейін жолдарға жаңадан асфальт төселетін болады.

Жақсылық Жоғыбаев, «Таразтрансэнерго» кәсіпорнының директоры:

– Жылу құбырлары 1972 жылы салынған. Оны жаңасына ауыстырған кезде, су және жылу берумен қамтамасыз ету 6 процентке артады. Бүгінде жалпы Тараз қаласындағы құбырлардың 68 проценті тозған. Сондықтан мәселені кезең-кезеңмен шешетін боламыз. Сондай-ақ биыл НС-3 сорғы станциясы да ауыстырылады. Нәтижесінде шағын аудандардағы жағдай жақсармақ. 

Хабар 24 телеарнасы