386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық туристер П.Семеновтің Тянь-Шаньға салған жолымен сапарға шықты

  • 152
  • UPD: 15:23, 20.07.2019
Қарағандылық туристер П.Семеновтің Тянь-Шаньға салған жолымен сапарға шықты

Туристік топтың құрамындағы 10 адам екі автокөлікпен 3 жарым мың шақырымды жүріп өтуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, өз заманында Петр Семенов бұл аралықты шарлап шығу үшін ондаған жылын сарп еткен болатын. Ал бүгінгі күні бұл аса қиын шаруа емес. Туристер бұл сапарда аймақтың тылсым табиғатымен танысып, қандай аң-құстар бар екендігі, қандай өсімдіктер өсетіндігімен жете танысатын болады. Ең алғаш ғалым бұл аймаққа аяқ басқаннан бері 160 жыл өтіпті. Ал бүгінде Тянь-Шаньның табиғаты айтарлықтай өзгерді.

1856-57 жылдары Петр Семенов тұңғыш рет Тянь-Шаньды зерттеп, ірі ғылыми жаңалықтар ашқан еді. Онда Алатау сілемдері, терістіктегі Ыстық көл, оңтүстіктегі Сырдарияның бастаулары мен Хан Тәңірінің мәңгі мұздақтарына дейін жетіп, адамзатқа мол мағлұмат берді. Осы жүріп өткен жерлерінде мыңдаған жан-жануар мен өсімдік түрлерін тыңғылықты зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізіп кетті.  

Сергей Кистанов, облыстық туристік клубтың төрағасы:

–Біздің сапар асфальт төселген тақтайдай жолдар ғана емес, жолсыз, ой-қыр мен таулы жерлерде де жалғасады. Құмды, шөлейт жерлерді де басып өтеміз. Онда аптап ыстық та болуы мүмкін. Осындай қиындықтарға қарамастан біздің сапар топ мүшелері қажет кезінде жаяу жүруге де даяр.

Хабар 24 телеарнасы