386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында балабақша кезегі автоматтандырылды

  • 207
  • UPD: 15:22, 20.07.2019
Алматы облысында балабақша кезегі автоматтандырылды

Еліміз бойынша Алматы облысында ең алғашқы болып мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке тұру автоматтандырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 58 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді. «Енді ата-аналар балаларын балабақша кезегіне қою үшін аталған портал арқылы өтініштерін тіркеп, жергілікті білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз жолдама ала алады. Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды», – дейді мамандар. Алматы облысында 1169 мектепке дейінгі балалар ұйымы болса, қазір соның 90 пайызы толығымен осы е-zhetysu.kz порталы арқылы жұмыс істеп тұр. Жүйені таныстыру, насихаттау мақсатында 20 мыңнан астам ақпараттық буклет шығарылып, білім бөлімдері мен ата-аналарға таратылып жатыр. 

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы:

– 17 аудан, үш қала түгел соған енді. Екіншіден, қазір облыста баланың саны мен балабақшадағы орын тепе-тең келді. Әрине, қиыншылықтар бар. Электрондық кілтін алып, интернет арқылы жүйеге кіріп, соны тауып, соған кезекке қоюды халыққа үйретуіміз керек. Ата-аналар арқылы, әкімдіктер арқылы, мектептер арқылы толыққанды осы жүйені іске асыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы