386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырдан ғарышқа «Союз МС-13» кемесі ұшырылды

  • 195
  • UPD: 23:52, 20.07.2019
Байқоңырдан ғарышқа «Союз МС-13» кемесі ұшырылды

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22-ден 28 минут 21 секунд кеткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» кемесі жер орбитасына шығарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кемені халықаралық экипаж басқарады. Оның құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавты, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавты Эндрю Морган бар.

Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұшу бастаған сәттен 10 минут өткенде орбитаға шықты. «Союз МС-13» кемесін станциямен жақындастырып, «Звезда» қызметтік модуліне қондыру процесі автоматты режимде іске асырылады. Бұл жұмыс ұшу бастаған сәттен алты сағат өткенде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 шілде күні сағат 04:50-ге жоспарланған», - делінген Роскосмостың баспасөз ақпаратында.

Экипаж құрамындағы Александр Скворцов үшінші рет ғарышқа аттанса, Лука Пармитано үшін бұл сапар екінші экспедиция болмақ. Тек Эндрю Морган ғана тұңғыш рет Байқоңыр айлағынан әуеге көтеріліп отыр. Оларға ғарыш кеңістігінде көптеген ғылыми эксперименттер орындап, түрлі елдерден келген жүк кемелерімен жұмыс істеу қажет. ХҒС борттық жүйелеріне қызмет көрсету, ғарыштан фото мен видео түсіру міндеті де жүктелген. Оларды халықаралық ғарыш станциясының бортында Алексей Овчинин, Ник Хейг және Кристина Кук қарсы алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы