386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел полицейлері кезекті «Жолда қабылдау» акциясын бастады

  • 169
  • UPD: 08:48, 21.07.2019
Ел полицейлері кезекті «Жолда қабылдау» акциясын бастады

Шара осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Бұл жолы Петропавлдағы акция адам көп шоғырланатын сауда үйінің алдында өтті. Тұрғындар арнайы құрылған мобильді топқа өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды. Олардың басым бөлігі көші-қон, жол ережелеріне қатысты болды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, азаматтардың тілектерін тыңдады. Мамандар екі күн жұмыс істейтін болады. Ал маусым айында өткен акция барысында өңір халқынан 300-ден астам сауал түскен екен.

Жасұлан Оспанов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– Жалпы өткен айдың қорытындысы бойынша 315 адамнан сұрақ қойылды. Соның 70-80 пайызы орындалды. Қалғандары бойынша әкімшілікке хат жазамыз.

Хабар 24 телеарнасы