385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армениялық мамандар масалармен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын

  • 152
Армениялық мамандар масалармен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын

Армения мамандары масалармен күрестің тиімді жолдарын іздестіруде қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

Бұл туралы Арменияның Ауруларды бақылау және емдеу ұлттық орталығының жұқпалы аурулармен айналысатын бөлім басшысы Лусин Паронян мәлімдеді. Оның айтуынша, Арменияның безгек ауруларын тарататын масалармен күрес тәжірибесі мол. 1998 жылы 1 мыңнан астам адам осы дертке шалдығып, жергілікті мамандар оны жеңіп шыққан. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Арменияны безгек ауруы жоқ ел» деп жариялаған. Қазір бұл мемлекетте қансорғыш жәндіктермен күресудің биологиялық тәсілі қолданылады. Химиялық заттар пайдаланылмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі осындай, дейді армениялық мамандар.

Лусине Паронян, Арменияның ауруларды бақылау және алдын ала емдеу ұлттық орталығының бөлім басшысы:

– Безгек ауруын таратушы масалармен күрестің бұл түрі гамбузия балықтарын шағын тоғандарға жіберу арқылы жүзеге асырылады. Олар масаның құрттарын жейді. Бұл кішкене балықтар арнайы орынсыз-ақ тез көбейеді. Егер бізге сұраныс түссе масалармен күресудің осы әдісі бойынша өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы