386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жел электр станциясының құрылысы басталды

  • 179
Жамбыл облысында жел электр станциясының құрылысы басталды

Жамбыл облысы Сарысу ауданында қуаттылығы 100 Мегаватты құрайтын Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды.

Нысанды тұрғызуға 300 адам жұмылдырылған. Ал келер жылдың соңында пайдалануға берілсе, 40 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайы күн, жел және судан электр қуатын алуға қолайлы. Сондықтан облыс «жасыл» энергетиканы дамытуда республикада алдыңғы қатарға ие. Бүгінде аймақта қуаттылығы 168 мегаваттқа тең 10 станция жұмыс істеп тұр. Айта кету керек, 2023 жылға дейін қайта жаңғыртылатын 25 энергия көзі нысаны бой көтереді. Жобаларды жүзеге асыруға отандық және шетелдік инвесторлар тартылады. 

Нұржан Ережепов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Жел электр станциясы жылына 350-400 миллион киловатт сағатты өндіруді көздеуде. Яғни бұның біздің еліміздің экономикасын дамуына, әлеуметтік сала жағдайының жақсаруына жақсы әсерін беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы