386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдың ең әдемі ауласы анықталды

  • 165
Петропавлдың ең әдемі ауласы анықталды

Петропавл қаласының ең әдемі ауласы анықталды.

Чайковский көшесіндегі 21-үйдің алдында бау-бақша жайқалып тұр. Оны 91 жастағы Зинаида Дренгаль отырғызған. Кейуана ағаштарды күнде өзі суарады. Сонымен қатар тұрғындар неше түрлі гүл егіп, ауланың ажарын аша түсті. Ал он саусағынан өнер тамған шеберлер қолда бар заттардан үй, аққу, құдық секілді мүсіндер жасап қойған. Бұл игі дәстүрге айналған. Тұрғындар есік алдын жылда абаттандырып, тап-түйнақтай тазалап тұрады.

Хабар 24 телеарнасы