386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жандос Базартай: Реформалар халықпен келісілуі керек

  • 228
  • UPD: 17:39, 21.07.2019

Мемлекеттік маңызды реформалар халықпен санаса отырып жасалуы тиіс.

Сонымен қатар ел дамуына арналған әр стратегиялық бағдарламалардың тиімділігі айқындалып, орындалу барысына үздіксіз талдау жасалғаны абзал. Сырбойылық үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пікірі осыған саяды. Сондай-ақ Ұлттық сенім қоғамдық кеңес мүшелері «әлеуметтік желіде көтерілетін проблемаларға да жіті назар аударған жөн», – дейді олар. 

Жандос Базартай, «Азаматтық альянс» облыстық филиал төрағасы:

– Шешілмей қалған проблема өте көп. Сол проблеманы шешу үшін ұлттық кеңеске қоғамның әр саласының азаматтары кірді. Аудиториясының көптігімен келе жатқан әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желіде халықтың мұң-мұқтажын, проблемасын, жетпей жатқан дауысын көтеріп жүрген азаматтар осы Ұлттық қоғамдық кеңеске кіруі бұл халықтың үні, дауысы.

Хабар 24 телеарнасы