386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Дипломмен ауылға» бағдарламасының басты талабын орындамағандар қаржыны қайтаруы тиіс

  • 148
  • UPD: 08:43, 22.07.2019

Қаладан шалғай жатқан ауылдарға барып, оның әлеуетін арттыруға атсалысып жатқан жастар көбейді.

Тек «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында 60 мыңға жуық жас маман елді мекендерге көшіп барған. Олардың жайлы өмірі үшін үкімет жыл сайын миллиардттаған теңге қаржы бөледі. Яғни баспана мәселесін шешу үшін әрқайсысы 3 миллион 600 мың теңге көлемінде қарыз алуға құқы бар. Кейін оны 0,01 процентпен 15 жыл ішінде қайтаруы керек.  Бұдан басқа да бірқатар жеңілдік бар. Дәл осы мақсаттарға биылдың өзінде ел қазынасынан 14 миллиард теңге қарастырылды. Ал оның игілігін көрген жастар ауылда кемінде 3 жыл қызмет етуі керек. Егер осы талапты орындамаса, қаржыны қайтаруға тура келеді. Сала мамандары  бұндай жағдайлардың да кездесіп тұратынын алға тартады.

Данияр Игімбаев, ҚР ҰЭМ Аймақтық даму департаменті басқармасының басшысы:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асып келе жатқан 10 жылдың ішінде келісімді бұзғандар да кездесті. Олар 3 жыл толық қызмет еткен жоқ. Сәйкесінше оларға көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары қайтарып алынды. Егер өз еріктерімен бермесе, мәселе сот арқылы шешіледі. Бірақ мұндай жағдайлардың өте сирек екенін айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы