386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жастар әлеуетін жүзеге асыру алаңына айналады

  • 154
  • UPD: 09:07, 22.07.2019

Ұлттық кеңес жастардың әлеуметтік потенциалын жүзеге асыратын алаңға айналады. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек осылай дейді.

Оның айтуынша, сол арқылы ел жастары жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Билік пен жастар арасында тығыз байланыс орнайды деген сенімде.

Дәулет Кәрібек, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Біріншіден, біздің жастарға бір дайын шешім қажет емес, бізге ең бірінші өзіміздің еңбектік, әлеуметтік потенциалдарымызды іске асыра алатын, өз күшімізді, жастық жалынымызды жүзеге асыра алатын алаңдардың жағдайларының болғаны қажет. Ұлттық кеңес осы тараптан бізге жаңа мүмкіншіліктер береді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы