386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының денсаулық сақтау саласында маман тапшылығы байқалады

  • 103
  • UPD: 10:34, 22.07.2019

Ертіс өңірінің денсаулық сақтау саласында маман тапшылығы байқалады. Бүгінде қала-аудандарда 310 дәрігердің орны бос. Акушер-гинеколог, педиатр, терапевт, жалпы тәжірибе дәрігерлері қажет.

Кадр тапшылығын жою мақсатында медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарымен байланыс орнады. Нәтижесінде биыл аймаққа 266 түлек келіп, еңбек жолын бастамақ. Күрмеуі қалың мәселенің түйінін тарқатуда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының да үлесі зор. Тақырыпты Ақмарал Есімханова тарқатады.

- Здравстуйте, Женя, как дела у вас?

Жанна Совет «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысқан алғашқы қарлығаштардың бірі. Биыл Тереңкөл ауылына келгеніне 10 жыл. Осы уақыт аралығында тәжірибе жинақтап, ауданның бас педиатры атанды.

Жанна Совет, Тереңкөл ауылының бас педиатры:

- Менің қазіргі қызығушылығым осы ауылда жұмыс істеу. Артымнан да біздің ізбасарларымыз келіп жатыр  дәрігерлер, сол дәрігерлерге үлгі болу үші, біз осылай, өзім де айтамын, мен ауылда жұмыс істеп жатырмын. Ауылда да жұмыс істеуге болады.

Облыстағы ең ірі аудандық ауруханада маман тапшылығы жойылады деуге негіз бар. Биыл күзде мекеменің ұжымы хирург, невропатолог, акушер-гинекологпен толықпақ.

Мирас Жүндубаев, Тереңкөл ауылының тұрғыны:

- Ауданымызға жылдан жылға жас мамандар келіп жатыр. Соның ішінде дәрігерлер бар және тағы басқа салалар бар. Енді ауданымыздың медицина сапасы жылдан жылға өсіп келе жатыр. Соған біз өте қуаныштымыз.

Ал Павлодар жоғары медициналық колледждің түлегі Карина Дьяченконың еңбекке араласқанына көп болған жоқ. Мамандығы - фармацевт. Өзі осы ауданның түлегі болғандықтан, ауылға оралуды жөн санапты.

Карина Дьяченко, жас маман:

- Қалалық жерде жұмыс болды. Бірақ, қатаралстарыма ермей, туған жеріме ойланбастан келдім. Жас мамандар үшін қолайлы жағдайлар бар. Ұжымым жақсы, тәжірибелі дәрігерлерден үлгі алудамын.

Жас маман мемлекет тарапынан бюджеттік несие алып, баспаналы болды. Қазіргі уақытта төт бөлмелі пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін аудан орталығында бір учаскелік дәрігерге 3500 адамнан келетін. Ауылға келген жастардың арқасында жүктеме екі есе азайды.

Ержан Әбдікәрімов, Тереңкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Дәрігерлер өз жұмыстарын, білімдерін атқарып жатыр. Жұмыстарын біледі. Өздеріне сай. Енді Тереңкөл ауданымыз 20 мың халық. 20 мың халық болғандықтан, оның ішінде тіркелген халық 19 475 адам тіркелуде. Солардың бәріне мына Елбасымыздың программасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Былтырғы жылы Павлодар облысының медицина мекемелері 120-дан астам жас маманмен толықты. Мәселен, Тереңкөл ауданына соңғы жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оннан астам жас дәрігер көшіп келді. Сала мамандарының айтуынша, жастардың барлығы ауылда тұрақтап қалуға ниетті. Себебі, мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалған. Олар үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік неси, сонымен қатар70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтермеақы қарастырылған.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы