386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды

  • 164
  • UPD: 10:48, 22.07.2019
Елорда әкімі тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды

Қалалық экоакция 27 шілдеде осы сенбіде өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорда әкімі тұрғындарды қалалық экоакцияға қатысуға шақырды. «20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов Twitter-дегі аккаунтында.

Хабар 24 телеарнасы