386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елжан Біртанов: 2025 жылы дәрігерлердің орташа еңбекақысы 500 мыңға жетуі тиіс

  • 163
  • UPD: 12:23, 22.07.2019
Елжан Біртанов: 2025 жылы дәрігерлердің орташа еңбекақысы 500 мыңға жетуі тиіс Informburo.kz

Дәрігерлердің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе көп болуы керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдем жасақтары мен стационарлық қабылдау бөлімдерінің арасындағы IV республикалық жарыстың ашылуында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елдегі медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 240 мың теңге көлемінде. Бірақ бұл сала мамандарының көбі осынша мөлшерде жалақы алып жүр деген сөз емес.

«Біз маусым айында ғана медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсірдік. Оның ішінде жедел жәрдем өкілдері де бар. Министрлік оны барлығы алғанын қадағалау үшін жағдайға мониторинг жүргізіп отыр. Бұл іске әкімдіктер мен кәсіподақты да тарттық. Еңбекке сай жалақы болуы маңызды. Орташа еңбекақы ең жоғарғы айлық пен ең төменгінің арасынан алынатынын ұмытпау керек. Бізде бұл көрсеткіш 240 мың теңге мөлшерінде. Ал саладағы еңбек өтілі мен санаты төмен мамандардың көбі 120-140 мың теңге алып жүр. Көршілес Ресейде дәрігерлердің орташа еңбекақысы бізден 2 есе артық. Сондықтан да, мамандар бізде тұрақтамай жатыр»,- деді Елжан Біртанов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ, алдағы бес жылда дәрігерлердің еңбекақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтады.

«Дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша нақты қадам жасалып жатыр. 2025 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 500 мың теңге болуы тиіс. Біздің ойымызша, медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Осы кезде ғана мамандар тұрақтап, ынтамен жұмыс істейтін болады. Біз әлемнің өзге Өйткені, дәрігер нақты жұмысқа кірісу үшін 10 жыл көлемінде оқиды. Жұмысқа кірісе салып өз бетімен күрделі шешімдер қабылдауы керек. Мұны өзге мамандықтармен салыстыруға болмайды. елдеріндегі жағдайды ескере отырып осындай ойға келдік», - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, осыған қарамастан Қазақстанда жедел жәрдем қызметі беделді мамандықтардың бірі саналады.

Еске салсақ, ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов алдағы екі жылда жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік берілетінін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы